Алаяқтық, кәзәптық, найсаптық, сұрқиялық, сұмырайлық

lat: Alaıaqtyq, kázáptyq, naısaptyq, surqıalyq, sumyraılyq

Алаяқ болушылық.

Ертең кеңседе жиналыс болады да, сонда өлгі үшеуінің алаяқтығы әшкереленеді (3. Жәкенов).

Демек нағыз кәзәптыққа , баукеспелікке де бастайтын осы жол екен ғой (Ж. Алтайбаев).

Сендер қасымызда балалар жоқ екен деп, үлкендердің арасында найсаптық істедіңдер (Ж. Өмірбеков).

Жиренше туралы ертегіде халық ортасынан шыққан дарынды адамдарға хан төңірегіндегілердің сұрқиялық істейтіні көрсетілді («Қазақ ССР тарихы»).

Сұлулықты сүйетін, сұмырайлықтан безетін адамға айналаның әсері, қимылы, бәрі анық көрініп отырады (А. Тоқмағамбетов).